TechCup Almaty 2023 жарысының РОБОТОТЕХНИКА аймағының қатысушыларына арналған жадынама:


Тіркелу


Командалар techcup.kz сайтында 5 желтоқсанға дейін тіркелулері керек. Тіркелмеген командалар жарысқа жіберілмейді.
Тіркелу алды және welcome pack алу
10 желтоқсанда сағат 15:00-ден 18:00-ге дейін локацияға келіп, алдын ала жазылып және командаңызға welcome pack пакетін алыңыз.

ПИТ зонасын дайындау


Локацияға алдын ала келіп, ПИТ зонасын дайындаңыз.
ПИТ-ті орнату жұмыстары тіркелу алды, яғни 10 желтоқсанда сағат 12:00-ден 18:00 аралығында жүргізіледі.
Әр аймақтағы үстелдің өлшемі 70х120 см.

FLL Explore және FLL Challenge командалары үшін матасы бар металл жақтау түріндегі ПИТ-тер беріледі.
Өлшемдері: ұзындығы 2 метр, ені 1 метр, биіктігі 1 метр. Әрбір ПИТ үшін 220 вольтты электрмен қоректендіру, 70х120 см өлшемді 1 үстел, 2 орындық беріледі.
Электр қуаты-ұзартқыш сымды (удлинитель) өзіңізбен бірге алыңыз, өйткені ПИТ-те бір ғана розетка беріледі. Ұзартқыш сым робот пен ноутбукты бір уақытта зарядтауға мүмкіндік береді.

FIRST Tech Challenge командалары үшін ұзындығы 3 метр, ені 3 метр бос аймақ беріледі. Әр аймақ үшін 70x120 см өлшемді 1 үстел мен 2 орындық беріледі. FTC командалары өздерінің ПИТ аймақтарын өздері жабдықтауы керек. Шатыр (палаткалар), жалау, немесе сіздің жұмыс аймағыңызға арналған басқа құрылымдар.

Команда эстетикасы:


Әрбір команданың ПИТ алаңында, формада, жалауларда және басқа элементтерде көрсетілетін ресми жеке айдентикасы болуы керек.
Команданың эстетикасы бойынша номинациялар мен бағалы сыйлықтар қарастырылған.
Қонақтарды тіркеу:
Қолдау тобының барлық қонақтарын - достарды, мұғалімдерді, ата-аналарды, ата-әжелерді, аға-әпкелерді тіркеу міндетті, онсыз шараға ешкім жіберілмейді.

Команданы көрсететін/таныстыратын бейнеролик:


20-30 секунд ішінде өз командаңыз туралы креативті бейнеролик жасаңыз, онда сіз ұйымшылдық пен идеологиялық атмосфераны жеткізесіз. Бейне көлденең форматта, жоғары сапада болуы керек. Дайын видеоны n.nurzhanov@ustemrobotics.kz электрондық поштасына жіберіңіз – дедлайн: 9 желтоқсан, 00:00.

Су


Өзіңізбен бірге су бөтелкесін әкеліңіз. Іс-шара барысында сізге ыңғайлы болу үшін су диспенсерлері орнатылады. Өзіңіздің бөтелкелеріңізді толтыру үшін диспенсерлерді пайдалануыңызды және бір реттік пластик стакандардарды пайдаланбауларыңызды сұраймыз.

Команда реквизиттері


Қауіпсіздік мақсатында локацияға кіргізетін заттар тізімін жасаңыз.
Осы қадамдардың барлығын уақтылы орындау TechCup Almaty 2023 жарысына оңай қатысуды қамтамасыз ететінін және қосымша іс-шараларға қатысу тәжірибеңізді жарқын және есте қаларлық етуге көмектесетінін есте сақтаңыз.
#TechCupAlmaty2023

Робототехника секциясына тіркелу:


FLL Explore: https://forms.gle/FLxYpn97Tv4LLa1g7
FLL Challenge: https://forms.gle/rebULiCb86Q2RJf99
FTC: https://forms.gle/ahNmAWqkYsqfExFN8
Made on
Tilda